Текст
23.10.2026
Бүгін мектебімізде дәстүрлі «Жас виртуоз» атты мектепшілік этюдтер конкурсы болып өтті!
Сайысқа қатысқан оқушыларымыз техникалық шеберліктері мен орындаушылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетіп, өз аспаптарында этюдтерді өте жақсы орындап шықты.
Әділ қазылар алқасында музыка мектебінің тәжірибелі педагогтері — Миренкова Н.М.мен қосымша білім беру педагогі Верченко О.А. қазылық етіп, жас өнерпаздардың өнеріне әділ баға берді.
Конкурс қорытындысы бойынша барлық қатысушылар белсене қатысқаны және жүлделі орындары үшін марапатталып, арнайы грамоталарға ие болды!
Барлық оқушыларымыз бен олардың ұстаздарын сәтті өнер көрсетулерімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен жаңа биіктер тілейміз!

