«Ақмола облысы  білім басқармасының Астрахан  ауданы  бойынша  білім бөлімінің  жанындағы  Астрахан  ауылының  балалар музыка  мектебі»  мемлекеттік коммуналдық  қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие  «Детская музыкальная школа села Астраханка при отделе образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Ұстаздар күні

2026 жылдың 6 қазан күні аудандық мәдениет үйінде Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт жоғары деңгейде өтті! 
Бұл ерекше күнде ауданымыздың білім беру саласына елеулі үлес қосып жүрген ұстаздарымыз марапатталып, олардың еңбегі кеңінен аталып өтті. Қуаныштысы, біздің музыка мектебінің педагогтары да жоғары марапаттарға ие болды:

Миренкова Н.М. — «Кәсіподақ ардагері» құрметті медалімен; Сансызбай А.Д. — Облыстық білім басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды.
Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жана берсін, асыл ұстаздар! 
Сондай-ақ, мерекелік концертте музыка мектебіміздің дарынды оқушылары мен ұстаздары арнайы өнер көрсетіп, барша педагогтарға арнап жүрекжарды әндерін тарту етті. Музыкалық шашу жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 
Барша ұстаздарды мерекелерімен құттықтаймыз! Денсаулық, шығармашылық табыс және сарқылмас қайрат тілейміз!


Текст